Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның қауіпсіздігіне мемлекеттік тұрақтылығына және қоғамға қауіп жүйелі қатер төндіреді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі заңдардың бірі – 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы. Бұл заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық деп заңсыз пайда алу мақсатында өзінің қызметтік жағдайын немесе өкілеттігін теріс пайдалануы түсіндіріледі. Заң сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті белгілеп, олардың алдын алу, ашу және жолын кесу тәртібін белгілейді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ұйымда комплаенс қызметі жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуын бақылау болып табылады.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сыртқы нормативтік талаптардың және озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
Жалпы, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметтердің, ұйым менеджменті мен мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерін талап ететін күрделі және ұзақ міндет.
Дегенмен, сәйкес принциптермен, ресурстармен және құралдармен комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және квазимемлекеттік сектордағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етудің тиімді құралы бола алады.
Құрметті Есіл ауданының тұрғындары, Ұйымның қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда дереу +7 (7152) 42-57-14 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасының 1424 байланыс орталығы.
Қаралым саны: 246