Үй жануарларын ұстау заңмен реттеледі

Қазақстанда 2022 жылдың 2 наурызында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енді. Оның негізгі мақсаты – жалпы қабылданған этикалық құндылықтар шеңберінде жануарларға деген қатынасты құқықтық реттеу.

Жаңа заң аясында азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясына басымдық берілген. Сонымен, бұл заң жануарларды азапты тіршілік иесі ретінде қарастыруға, жануарлардың өмірі, денсаулығы мен амандығы үшін иелерінің жеке жауапкершілігін арттыруға, оларды қатыгездіктен қорғауға, халықтың адамгершілік ұстанымдарын тәрбиелеуге негіз болады.

Айта кетерлігі, заңда жануарларға қатысты иттердің төбелесін ұйымдастыру, ветеринариялық операцияларды наркозсыз жүргізу, малды жазасыз өлтіру, малдың деградациясы, дер кезінде көмек көрсетпеу, мейірімсіз ұстау сияқты келеңсіз көріністерге тосқауыл қойылған.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде үй жануарларын міндетті түрде тіркеу енгізілді. Қаңғыбас иттер мен мысықтар өздігінен пайда болмайды. Кейбір жауапсыз азаматтардың мысық пен күшіктерді лақтырып жіберуінің кесірінен олар елді мекендердің көшелерінде жүр. Осыған байланысты үй жануарларын міндетті түрде есепке алу үшін нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Сондай-ақ, қаңғыбас иттерді егу және оларды зарарсыздандыру қарастырылған. Қаңғыбас үй жануарларының санын азайту үшін оларды өлтіруге тыйым салынады. Қаңғыбас ит ұсталады, тексеріледі, егер ит сау болса, егіледі және зарарсыздандырылады.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларының иесі мен жауапты тұлға облыстың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен үй жануарларын серуендету ережелерін сақтауға міндетті.

Жануарларға қатыгездік жасаған жағдайда қылмыскер ҚР ҚК-нің 316-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту жағы да бар. Онда бес АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, қайталап бұзған жағдайда айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі.

07.02.2023
Қаралым саны: 189