Ветеринариялық-алдын алу іс-шаралары – жануарлар ауруларының таралуын болдырмауға және олардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық және арнайы шаралар кешені. Олар індетке қарсы жүйенің негізі болып табылады және жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы іс-шараларға үнемі жүргізілетін ұйымдастырушылық-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық жұмыстар жатады:
ІҚМ мен ҰҚМ қан сынамаларын бруцеллезге зерттеу үшін алу;
ІҚМ-ды туберкулезге тексеру;
жануарлар мен құстарды аса қауіпті инфекцияларға қарсы егу;
шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарларды профилактикалық карантинге қою.
Диспансеризация жылына екі рет жүргізіледі:
күзде – қорада ұстау кезеңіне көшіру кезінде;
көктемде – қорада ұстау кезеңі аяқталған соң.
Диспансеризация нәтижелері ветеринария мамандарына жануарлардың клиникалық денсаулығын жақсарту, қауіпсіз әрі сапалы өнім алу және сібір жарасы, құтыру, бруцеллез, лейкоз, ірі қара туберкулезі сияқты қауіпті инфекциялар бойынша өңірдің тұрақты індеттік ахуалын сақтау мақсатында іс-шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Аталған аурулардың барлығы ветеринариялық қызметтің тұрақты бақылауында.
Қыркүйек айынан бастап ауданда барлық меншік түріндегі малдарға қатысты күзгі жаппай ветеринариялық-алдын алу жұмыстары басталады.
Мал иелеріне қойылатын талаптар:
Жануарларын уақытылы ектіріп, диагностикадан өткізіп, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ветеринария саласы мамандарына іс-шараларды орындау кезінде көмек көрсету.
Есіл ауданының ветеринария станциясы
Қаралым саны: 67