«Солтүстік Казахстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекетік коммуналдық кәсіпорны»
Ресми интернет-ресурс

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

Қазіргі уақытта ветеринарлық станция мамандары халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін үй иттері мен мысықтарын тегін чиптеуді жүргізуді жалғастыруда. Жануарлардың иелері өз ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандарына үй жануарларын алдын ала тіркеу үшін, сондай-ақ құтыруға және дегельминтизацияға қарсы вакцинация жүргізу үшін жүгіне алады.
Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 11 бабына сәйкес есепке алуға жататын үй жануарлары белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс. Мұндай жануарлар жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде, оның ішінде панажайларда, уақытша орналастыру пункттерінде, оңалту орталықтарында және зоологиялық питомниктерде ұсталуы мүмкін. Иесі ауысқан жағдайда жануар туралы ақпарат тиісті дерекқорда міндетті түрде жаңартылуға жатады.
Иттер мен мысықтар міндетті есепке алынады, ал үй жануарларының басқа түрлерін тіркеу ерікті негізде жүзеге асырылады.