— жануарлар мен адамға жұғатын қауіпті вирустық ауру. Инфекция жұқтырған жануардың сілекейі арқылы беріледі: тістегенде, тырнағанда немесе сілекейдің зақымданған теріге не шырышты қабыққа түсуі кезінде. Негізгі тасымалдаушылар — жабайы жануарлар (түлкілер, қасқырлар, енототәрізді иттер), олардан вирус үй жануарларына және адамдарға жұғады. Сондай-ақ ірі қара, жылқы және басқа да шөпқоректі жануарлар да ауруға шалдығып, оны тарата алады.
Жануарларда жұқтыру кезеңі клиникалық белгілер пайда болғанға дейін 3–10 күн бұрын басталып, ауру бойы жалғасады.
Жануарларда аурудың белгілері:
мінез-құлқының күрт өзгеруі (ашулы жануар иесіне еркелеп, ал жуас — ашуланшақ, үркек болуы);
сүйікті азығынан бас тарту, жеуге жарамсыз заттарды (ағаш, тас т.б.) жұту;
қозу сатысында айналадағыға шабуыл жасау;
сілекейдің және жас ағысының молаюы;
жабайы жануарларда — адамнан қорқу сезімінің жоғалуы.
Адамда жасырын кезең орта есеппен 10 күннен 2 айға дейін (кейде 5 күннен 1 жылға дейін) созылады. Алғашқы белгілері — тістеген жерде қышу, ауырсыну, бұлшық еттің тартылуы, себепсіз мазасыздық, жарықтан және дыбыстан қорқу. Кейінірек жұтынғанда немесе су дыбысын естігенде тамақ және көмей бұлшық еттерінің ауырсынулы түйілуі, одан соң салдану дамиды. Ауру әрқашан өліммен аяқталады.
Құтырудың алдын алу шаралары:
Иттер мен мысықтарды жыл сайын міндетті түрде ветеринариялық станцияда ектіріп отыру.
Үй жануарының мінез-құлқы өзгергенде, басқа жануардан жарақат алғанда немесе себепсіз қаза болғанда ветеринарға хабарлау.
Балаларды жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас ережелеріне үйрету.
Жабайы және иесіз жануарлармен байланыстан бас тарту, олар анықталса — ветеринариялық қызметке хабарлау.
Адамды тістеген жануарды 10 күн бойы бақылауда ұстау.
Елді мекен аумағында жабайы жануарлар пайда болғанда қауіпсіздік шараларын қабылдау.
Тістелген немесе тырналған жағдайда — жараны бірден 15 минут бойы сабынды сумен жуу, йодпен өңдеу және дереу медицина мекемесіне жүгіну.
Құтырудың емі жоқ — аурудың алдын алудың жалғыз жолы — жануармен байланыстан кейін алғашқы күндері (14 күннен кешіктірмей) вакцина егу. Дер кезінде дәрігерге қаралу және антирабикалық екпе алу ғана бұл өлімге әкелетін аурудан қорғайды.
Қаралым саны: 65